Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол жақсы бала": Зорлық жасады деп сотталған жігіт шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты

Он алты жасында зорлық жасады деп айыпталып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған тараздық Бехзод Тошпулатов 20 қыркүйекте шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сурет: Facebook/ Дина Смаилова

Еске сала кетсек, Тошпулатовтың кәмелетке толмаған жасында сотталуы қоғамда дау тудырған еді. Ол 2018 жылы ҚР ҚК «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету» баптарымен сотталған. Аппеляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырды. 
Алайда сотталушы хат жазып, өзінің кінәсіз екенін айтқан еді. Артынша оның туыстары істе қайшылықтар бар екенін көрсетіп, Тошпулатовтың кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде Бас прокуратура іс материалдарын тескеруге алдырды.

«Немолчиkz» жетекшісі Дина Смаилованың сөзінше, сол кездегі бас прокурор Қожамжаровтың наразылығы бойынша, Бехзодтың жазасы 2,5 жылға азайтылды. Ол2017 жылдың 22 қыркүйегі мен 2019 жылдың 20 қыркүйегі аралығында 5 жылдың 2 жылын өтеген. Ендігі қалған 3 жыл мерзім бас бостандығын шектеу түріне өзгертілді.

Алайда жігіттің туыстары оның толықтай кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді.

«Бізде бірқатар сараптаманы жасайтын мүмкіндік болмады. Бехзодты заңсыз тұтқындады. Ол кезде ол кәмелетке толмаған еді. Алақанының сараптамасын жасатуға бірде бір рет мүмкіндік бермеді. Ол үнемі қамауда болды. Ол шыққанда, бірінші кезекте, алақанын көрсетуін сұрадым. Оны соттауға негіз болған суреттер ер адамның қолы үлкен, түктері бар еді. Ал мұнда арық әрі аппақ баланың қолы. Және оны құпия дереккөзден алынған сурет арқылы соттау дерегі жөнсіздік болды. Бұл кінәсінің дәлелі болып саналмайды. Бұл тақырыпты әрі қарай дамытатын боламыз. Ол шынымен де жақсы бала...», - дейді Смаилова. 

Сонымен қатар ол Бехзодтың заңгер мамандығы бойынша білім алғысы келетінін, істі соңына дейін жеткізіп, өзінің кінәсіздігін дәлілдемек ниетте екенін айтты.

Смаилованың сөзінше, Бехзодты достары, туыстары, көршілері, сыныптастары, мұғалімдері келіп, құттықтады.

Талқылау