Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің ұлым, мұны жасырмаймын": Депутат Қырықбаев тоқалы мен некесіз баласы туралы сыбыстарға жауап берді

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі / Депутат Темір Қырықбаев

Әлеуметтік желіде мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың төңірегінде шу шықты. Оны өз "тоқалына" депутаттық мандатын "беріп", некесіз баласын жасырды деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгіме Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шакимерген туралы болып отыр. Темір Қырықбаев бұл мәлімдемелерге қатаң жауап берді. 

Оның айтуынша, депутаттық орынды ешкімге сыйламаған, ал ұлын ашық мойындаған.

"Әлеуметтік желілерде мен туралы түрлі жазбалар тарады. Тіпті, мен оған мәслихаттағы депутаттық орнымды және басқа да нәрселерді сыйладым деген ақпарат бар. Мұның бәрі ақылға қонбайды! Ол өз сайлау округінен халықтың дауысымен сайланған. Бұл сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына қоюға болады. Тіпті сайлаушыларға “Оған дауыс беріңдер, депутат болсын” деген де жоқпын", – деді депутат.

Сонымен қатар ол жеке өмірі мен бала туралы сыбыстарға қатысты да пікір білдірді.

"Ол менің тоқалым ба, жоқ па бұл менің жеке өмірім, оны талқылауға болмайды. Ал бала жөнінде мен еш жерде “ол менің ұлым емес” деген жоқпын. Ол менің ұлым. Оған өз тегімді бердім, мұны мен құдай мен адамдар алдында жасырмаймын!" – деді Темір Қырықбаев.


Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру керек - депутат Абзал Құспан


“Күйеу түгілі, әке болып жарымағандар”: Қазақстандықтар бірқатар танымал жұлдыздарға бойкот жариялады


Еске салайық, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен жеті ай бұрын ажырасып кеткенін жаздық. Өнер иесінің айтуынша, экс-күйеуі Қабатовтың 14 жыл бұрын көңілдесі пайда болған. Ол сұхбатында Қабатовтың соңғы екі айда балаларымен хабарласпай, тіпті олардың нөмірлерін бұғаттап тастағанын айтты. Балалары әкесін сағынып, қиындық көріп жүргенін де жасырмады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 16:06
Талқылау