Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол менің ата жауым емес": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы айтты

"Дүниеге құныққан біз емес!" Қайрат Нұртастың анасы мал-мүліктің соңына түсіп, балаларының бақытын ұмытты деп ойлайтындарға жауап берді. Гүлзира Айдарбекова Қайрат дүниеге келмей тұрып та жағдайының жақсы болғанын, қос-қос көлік мінгенін мәлімдеді. Ал ұлының еңбегімен жеткен дүниені "көрге алып кетпейтінін" ескертті. Сондай-ақ келіні Жұлдызға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен дүниені көріме алып кетпеймін. Қайрат нені қалайды, бәрі сонікі, қалғаны екі бауырынікі. Еңбек - Қайраттікі.

Қайратқа дейін де квартирада отырған кезіміз болған емес. Студент кезден ақ үйлі болып, қос-қос көлігіміз болған, бізге сол да жетеді.
Нұрекең екеуміз аз табыс тапқан жоқпыз, не ішемін, не киемін дегізген де жоқпыз. Дүниеге құнығатын біз емеспіз. Бүкіл ата-ана балалары үшін еңбек етеді, қара басы үшін емес", –  деді Гүлзира Айдарбекова.

Айтуынша, сол сияқты Қайрат та өзінің ұрпағы үшін барын салып еңбектенуде. Ол өмірінің соңына дейін ұл-қыздарының жағдайын жасап өтетінін айтты.

"Жұлдыз коттедж алса, квартираларына ауыстырды. Мейлі көлігі болсын, үйі болсын, бәрі де сол балаларының әкесі Қайраттың еңбегімен келген дүние. Балалары үшін алды үй-жайын, берді. Балалары үшін өмір бақи бергені берген. Себебі олар Қайраттың өз балалары. 

Артынан еріп келген бала да, біреу алып берген дүние де көргенім жоқ. Қайрат өле-өлгенше солардың жағдайын жасап кетеді", - дейді Айдарбекова.



Қайрат пен Жұлдыздың арасындағы түсінбестіктің салдарынан ата-әжесі бүгінде немерелеріне жете алмай жүр. Десе де, Нұртас Айдарбеков те, Гүлзира Айдарбекова оларға деген сағынышын желі арқылы жеткізуде. Бірер күн бұрын жұлдызды ата-әже Қайраттың ұлы Нарұлды туған күнімен құттықтады. 

"Ал немерелерімді менен артық ешкім жақсы көре алмайды, олар біздің ұрпағымыз. Жұлдыз экранға шықпағаны болмаса, тығылып, түрмеде отырған кезі болған емес. 

Үй жұмыстарын да қызметші жасады. Жұлдыз менің ата жауым емес, өз келінім. Уақыт емші, бәрін де түсінер. Сиырдың басына туған күн, бұзауға да туар", - деп мәлімдеді Айдарбекова.

Жұлдыз Әбдукәрімова отау құрған қайын інісі Заңғардың қуанышына ортақтаспады. Тіпті, балаларын да жібермеді. Айдарбекованың айтуынша, бұл Жұлдыздың өз шешімі.

“Мен Жұлдызбен ұрысып көргенім жоқ. Келсе есігім ашық, келмесе жас емес, өз шешімдері. Балаларды көрсеткісі келмесе, олар менің қаным, Есі кірген кездерінде өз қанын таппай қоймайды. Бәрі де уақытша, тіптен өмір де уақытша”, – деп түсіндірді Қайрат Нұртастың анасы.

 

Талқылау