Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол кондиционерден қаза болмады": Белгілі заңгер Астанада көз жұмған фельдшер жайлы жазба жариялады

Мейірман Шекеев Ұлдана Мырзуан туралыФото: Stan.kz коллажы

Көпке танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада көз жұмған фельдшерге қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңгердің сөзінше, фельдшердің қаза болуына кондиционер емес, қасбеттегі кірпіштердің құлауы себеп болған.

“Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректі жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған”, – деп жазды ол.

Ол қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен жалтару адам өліміне әкеп соқтырғанын жазды.

“Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек.  Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді”, – деп жазған ол.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 23:29