Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол қызметте көз жұмды": Абай облысында қаза тапқан тракторшының отбасы мемлекеттік көмексіз қалғандарына алаңдаулы

Абай облысында дала өртін сөндіруге барып, мерт болған тракторшының туыстары оларды көмексіз қалдырмауды сұрайды. Себебі оны құрбандардың қатарына қоспай, жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнесюжеттен скриншот

Сергей Архиповтың денесін бір күн бұрын полиция қызметкерлері тапты. Медициналық сараптама оның жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсетті.

Архипов өткен сенбіде жұмысқа шақырылған. Ол басқа орманшылар сияқты өрт сөндіруге барды. Туыстарының айтуынша, ер адам оларға орманның жанып жатқанын айтқан. Кейін ол рация арқылы әріптестеріне адасып кеткенін жеткізіп, содан кейін байланысқа шықпаған. 

Туыстары тракторда жанармай таусылды деп үміттенген. Алайда Сергейдің денесі өрт сөнген аймақтан 50 шақырым жерде, ағаштың астында табылды.

Сергей Архиповтың артында әйелі, 9 жасар ұлы мен 12 жасар қызы қалды. Оның отбасысы ер адамның бейтаныс жерде неге жалғыз қалғанын анықтауға тырысып жатыр. 

“Сергей өртті сөндіруге көмектесті, ол шынымен де батыр атағына лайық, сондықтан бізге де көмек көрсетілуі тиіс. Қазір Сергейдің туыстарына көмек көрсетілмейтіні туралы ақпарат келді. Балаларға да, әйеліне де. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Ол жұмыста көз жұмды. Оны шақыртып алды. Сергей ол аймақты мүлдем білмеген әрі жалғыз болды”, – деді Архиповтың өгей қызы Альмира Баймұхамет.

Талқылау