Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол ақшаны күзетшіге беремін": Мақпал Жүнісова қанша теңге зейнетақы алатынын жасырмады

мақпал халық әртісіФото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Халық әртісі Мақпал Жүнісова қанша теңге зейнетақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бүгінде 62 жасқа толды.

“Шешем 47 жасында әкемнен жесір қалды. Зәкең қайтқанда маған: “Енді күйеуге шығамын” деп ойлама. қызыңды өсір. Өлмейсің” деді. Сол сөзі әлі жадымда. Әйтпесе ол кезде жас едім. Аяқ-қолым балғадай болып, тұрмысқа шығып кетуші едім. Сөйтсем, уақыт өтіп кетіпті. Қазір 62 жастамын. Зейнетке шықтым. 210 мың теңге зейнетақы аламын. Үкіметтің 45 жыл сахнада жүрген халық әртісіне беріп отырған ақшасы. Оны мен күзетшіге төлеймін. Сосын әрі қарай күн көру үшін тойға шығамын”, – деді әнші. 



Одан кейін әнші концертке көп жиналмайтын халыққа ренішін де айтып қалды.

“Ержан Белғозиевтің концертіне халық жиналмай жатыр дегенді естідім. Содан қатты қорықтым. Өзім осы кешке 4 сағат күтіп, енді шықтым. Әншілер халық жақсы жиналып жатыр дегесін жүрегім орнына түсті. Осыны уайымдап ұйықтай алмап едім. Артқы жақ 2000-3000 теңгеден сатылыпты. Өте жақсы баға, халыққа қолжетімді деп ойлаймын. 150 мың теңге төлеп, Джей Лоның концертіне де бардыңдар”, – деді халық әртісі. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова әріптесі Сәкен Майғазиевтің тойына 1 миллион теңге той шашу бергенін жасырмаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 12:44
Талқылау