Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың анасына хабарластым, ол жылай бастады – Куәгер-таролог

Куәгер-таролог Бишімбаевқа мемлекеттік жедел-жәрдем көлігін шақыруды немесе жеке емханаға жүгінуді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Куәгердің сөзінше, ол үнемі көпшіліктен қорқатын. 

Куәгер “Бишімбаевпен жеке кездескенсіз бе” деген сұраққа “Шымкентте кейде көрісіп тұратынбыз” деп жауап берді. 

Өзінің айтуынша, медициналық білімі жоқ. 

“Мен оның анасына хабарласып, балаң бірдеңе бүлдіріп қойды, барып біл дедім. Бұл – Бишімбаевпен сөйлескеннен кейін болған жағдай. Ол қатты жылай бастады, мен тұтқаны қоя салдым”, – деді таролог.

Нүкеновтердің адвокаты Жанна Оразбақова анасымен сөйлескенде Салтанатқа медициналық көмек қажет екенін айттыңыз ба деп сұрады. 

“Жоқ, мен қорқынышты жағдай болды, олар бір-бірін өлтіріп қоярдай төбелесті деп айттым, – деп жауап берді ол. 

Сонымен қатар ол үш күннен бері әлдебіреулер хабарласып, түрлі нәрсе айтып жатқанын атап өтті. Таролог енді полицияға жүгінбек. Бишімбаевтың отбасы мүшелері оған жауап бермеуді сұрап хабарласпаған. 

Қорғаушы Назым Құсайынова Бишімбаев хабарласқаннан кейін карта аштыңыз ба деген сұрақ қойды. 

- Жоқ.

- Онда неге “бәрі жақсы, Салтанат таңға дейін ұйықтайды” деп айттыңыз? Неге шатастырып жатсыз? 

- Мен солай сездім. 

- Бишімбаевтың анасына неге хабарластыңыз?

- Мен солай сездім. 

Сонымен қатар, адвокат Газымжановтың сұрақтарына жауап бере отырып ол “мен үй шаруасын істеп жатқан едім, Бишімбаевқа маған жазба, мезі еттің” дегенін айтты. 

Куәгерден жауап алу кезінде айыпталушылардың бірі Байжанов “көріпкел-таролог өтірік айтып жатыр” деп мәлімдеді. Оның сөзінше, таролог жедел-жәрдем шақырыңыз деп айтпаған. 

Айта кетейік, Бишімбаев сотында айыпталушы үнемі жүгінетін көріпкелден жауап алынды. Оқиға болған күні Бишімбаев оған хабарласып, Салтанаттың жағдайын біліп беруді сұраған.

Көріпкелдің сөзінше, ол біртүрлі болған.

“Қайта-қайта хабарласып, “бәрі жақсы деп айтыңызшы” деп сұрады. Ол адам төзгісіз. Жедел жәрдем шақырыңыз деп қайта-қайта айттым, “қайдағы жедел-жәрдем, қазір өз-өзіне келеді” деді бір рет”, – деді таролог. 

Талқылау