Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқырмандар желілік маркетингке шақырған Айнұр Тұрсынбаеваға ұрсып тастады

«Айтыстың аққуы» Айнұр Тұрсынбаева ғаламтор қолданушыларын желілік маркетингпен айналысуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

айнур_13

Айтыскер ақын бұған дейін кәсіптің бұл түріне қарсы болып келгенін, алайда құрбысы табыс тапқаннан кейін оның шынайылығына сене бастағанын жеткізді.

«Мен өзі сетевой дегенді жақтырмаушы едім. Біздің Ардаша айналысқалы 3-4 ай ғана болған, қазір 400 мыңнан аса айлық алып жүр. Дәл қасымда отырған Динара Советханды азғырып кіргізіп жіберген ғой, сол Динара 15 күн істеп 45 мың айлық алып, қуанғаннан мені шәйға шақырыпты. Алғашқы айлық деген тәтті ғой, иә? Біреудің ақшасын аяймын ба шәйді өкіртіп ішіп отырмын. Келесі жолы қымбат мейрамханаға шақырамын деп отыр. Сіздер де қарап жатпай ақша тауып көрсеңіздерші. Сұрақтар болса Динара Советханға жазыңыздар. Сара екеумізді шәйға шақыруды ұмытпаңыздар», – деп жазды Тұрсынбаева.

Желі оқырмандарының біразы аталған жазбаны Тұрсынбаеваның өзі жазды дегенге сенбеді. Кейбіреулер айтыскер ақынды өзі ұнатпайтын іске елді шақырғаны үшін сынап тастады. Бұл жазбаның шынайылықтан гөрі жарнама көбірек келетінін алға тартып, өзгелерді сеніп қалмауға шақырғандар көп болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ

Балғынбек Имашев: Күйеусіз өтсе де қызымды қытайға бермес едім (видео)

Қазақ қызы “Әлем аруы” байқауында су киімімен жүріп өтті (фото)

Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)

Талқылау