Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай қыз деп ойлап қалды": Астанада бойжеткен белгісіз ер адамның көшеде бөксесінен ұстап азғындық жасағанын айтты

Астанада балабақша жанынан өтіп бара жатқан ару өзіне белгісіз ер адамның азғындық жасағанын жеткізді. Айтуынша ол қызды жасөспірім оқушы деп ойлап бөксесінен ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видео кадрларынан

Оқиға 25 желтоқсанда сағат 15:35 шамасында Желтоқсан көшесіндегі "Әлем" балабақшасының жанында болған. Астаналық ару бұл туралы желіде бөлісті. 

“Бүгін Бөгенбай аялдамасынан Желтоқсан көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқанымда 35 жас шамасындағы ер адам арт жағымнан келіп, бөксемнен ұстап алды. Ол мені жасөспірім, оқушы қыз деп ойлады. Себебі дене бітімім кішкентай, арық. Ал кейін ересек қыз екенімді көргенде қаша жөнелді. Оның түрін капюшонынан дұрыс көре алмадым. Дегенмен мен өзімді қорғай алдым. Алайда менің орнымда шынымен балалар болса неге әкеліп соғар еді?”, – деді бойжеткен желідегі жазбасында.

Қыз ер адамның артынан қуып видеоға түсіріп алуға тырысқан. Бірақ жете алмаған. Жәбірленуші полицияға азғындау туралы арызбен жүгінген



Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыарқа аудандық полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Нәтижелер бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп түсіндірді полиция департаменті. 

Талқылау