Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оксфорд түлегі қызметте жолы болмағандықтан университеттен миллион өтемақы талап етуде

Оксфорд университетінің түлегі қызметтік мансабында жолы болмағандықтан университетіне шағым түсірді. Оның айтуынша, университетте адамды жалықыратындай дәріс өткізіледі.

3efa0ed46f148ba9e1b96e093ecf9609 (1)

 

38 жастаы Фаиз Сиддики университетті 16 жыл бұрын тәмамдаған. Ол Брасенос-колледжінде қазіргі заман тарихы бойынша оқыған.

Өзінің айтуынша, ол заңгерлік мамандыққа түсіп мансабын жоғары деңгейде жүргізе алатын мүмкіндігі болған. Алайда, ол мамандыққа жинаған балы сәйкес келмепті. Сонымен қатар ол үнді тарихы пәнінен төмен балды өзінің білімсіздігінен емес, мұғалімдердің өз жұмысына салғырттығының кесірінен алғанын айтады.

Университет Сиддикидің шағымын негізсіз деп санайды. Өйткені, оны оқу бітіргенінне де біраз уақыт өтіп кеткен. Оқу орда басшылығы Сидики білім алған уақытта шынында да кәсіби профессор мамандардың шығармашылық демалыста болғанын, сондықтан дәрістің дұрыс жүрмегенін айтуда. Егер сотта шағымданушы жеңіп шықса, университетке келер сын көбеймек. Оқу ордасына өзге де түлектер тарапынан арыз-шағымдар көптеп түсуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте ер адам сүйіктісіне ұнау үшін полицей формасын киіп алған

Алматылықтар базарды алып кеткен алапат сел тасқынын таспаға басып алған (видео)

Күйеуі бар әйелмен төсектес болған жігіттің жыныс мүшесі “ғайып болып” кеткен

Талқылау