Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзінің өмірінде болған ерекше жағдай туралы айтып берді.

IMG-20170422-WA0000

Айдарбек атайдың жасы қазір 75-те. Ол кісі Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызметтер атқарған, деп жазады  “Замана”.

Ал, оның үлкен ұлы Батырхан кезінде Қызылордадағы теміржол техникумында оқыған екен. Сонда оқып жүргенінде бір арумен араларында сүйіспеншілік қарым-қатынас болыпты. Кейін жігіт әскерге алынады да, Ауғанстанда қызмет етеді.

Осы жылдар екі жастың арасын алыстатып, кейін кезіге алмапты. Бұл екі арада оның сүйген қызы ұл босанады. Ал Батырхан әскерден орал­ған соң басқа қызға үйленіп, одан екі ұл, бір қыз сүйген. Өкінішке орай, ол кейін жол-көлік апатынан қаза болыпты.

Ал оның қиын жағдайда қалған сүйіктісі өмірге сәби әкелгесін Байқоңыр қаласына кетіп, сонда медицина саласына жұмысқа орналасқан екен. Ұлын өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсіреді. Ол баласы үлкен азамат болып, мамандық алып, өмірден өз орнын тапқанынша тұрмысқа шықпапты. Жалғызбасты ана басқа адаммен отбасын бертінде ғана құрған. Қазір оның 6 жастағы қызы бар екен.

Ал Айдарбек қарияның немересі кейін анасынан сұ­рап біліп, әкесі Батырханды іздейді. Ақырында та­уып, Айдарбек қарияның ауылына келген. Өкініштісі, бұл кезде Батырханның өмірден өтке­ніне екі айдың жүзі болыпты.

«Русланның жасы қазір 23-те. Ол өзімізден аумайды екен. Анасы оны жақсы тәрбиелепті. Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, мамандығымен қызмет істейді екен», – деп қуанышын бөліскен Айдарбек қария содан бері немересімен араласып тұрады.

Бір келгенінде немересін өзінің сыйлас досы, қарабұлақтық Рахымтай Бега­лиевтің қызымен таныстырған екен.

«Ирада ОҚМУ-ді орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген, ауылында жұмыс істеп жүрген еді. Екеуін таныстырып, бір-біріңе бөтен емессіңдер,  араласып-сыйласып тұрыңдар дегенмін.

Кейін байқасам, араларында сезім пайда болған сияқты. Сосын Ирадаға құда түсуді, немеремді соған үйлендіруді ұйғардым», – дейді атай.

Көп ұзамай екі жас шаңырақ көтереді. Айдарбек қария келінді өз үйіне түсіріп, беташар жасап, неке­сін қидырған. Құдалығын да өткізіп алыпты.

Айта кетейік, Айдарбек Қыдырбекұлы жан жары Сапура апаймен бірге өмірге  5 қыз, 2 ұл әкелген. Бүгінде осы ұрпағынан көрген 30-ға тарта немере мен оншақты шөбереге ата-әже болып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысында ерлі-зайыпты өзге ұлттан 10 бала асырап алған (фото)

Алматылық көріпкел келіншекке түнгі үште мазарға барып, садақасын жерлеуді тапсырған

 

Талқылау