Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да сәбиге Жилстройбек деген есім қойылды деген ақпарат жалған болып шықты

Шымкент қаласының АХАЖ бөлімі Жилстройбек атты баланың туылуы жөніндегі ақпаратты теріске шығарды.

20161013100316

Желіде кең тарап кеткен ақпарат жалған болып шықты. Облыстық АХАЖ бөлімінің жетекшісі Шахизада Досанова Шымкентте ондай баланың туылғанын жоққа шығарды.

«Біз осындай аты-жөнімен туылған барлық сәбилерді тексеріп көрдік. Ондай бала Қазақстанның өзге аймағында да тіркелмеген. Қазір балаға қалай болса солай есім қоя бермейді. Ата-аналар әбден ойланып, толғанып барып қояды», – дейді телефон арқылы сөйлескен сөзінде Шахизада Досанова.

Бұған дейін баспаналы болған ата-ана өз баласына Жилстройбек деп ат қойғаны жөнінде ақпарат тараған.

 

Талқылау