Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да кәсіпкер 50 млн теңгеге туған ауылына балабақша салып берді

Оңтүстік Қазақстан облысында жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен ауылдастарына арнап, балабақша салып берді.

«Меценаттың бұл ісі көп үлгі» дейді тұрғындар. Себебі патриотизм ең әуелі кіндік қаның тамған жерің, өскен ауылыңа шын сүйіспеншілікпен қараудан басталуы тиіс. Бұл «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» бағдарламасы негізінде бой көтерген балабақша, деп хабарлайды 24 арна.

Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекеніндегі бұл алтыншы балабақша. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеріп отыр. «Меруерт ана» бөбекжайы жүз балаға лайықталып салынған. Екі қабатты ғимаратқа жеке кәсіпкер Махмұт Қалаубек 50 миллион теңге өз қаражатын жұмсапты. Мұнда елді-мекендегі 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

“Рухани жаңғыру аясында осы балабақшамыз бой көтерді. Осы жерде 100 бала тәрбиеленуде. Осы балаларға сауатты тәрбие білім беру мақсатымыз. Осы үшін жақсы тәрбиешілер еңбек етуде”, – дейді балабақша меңгерушісі Адас Исақұлова.

Қазіргі таңда ауданда жалпы 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс істеуде. Өткен жылдың өзінде кәсіпкерлер есебінен 33 жаңа бөбекжай қолданысқа берілген. Барлық балабақшада 8 мыңнан астам бала тәрбие алуда. Бұл мектепке дейінгі балалардың 91,6 пайызын құрайды.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қаржы жұмсап арнайы балабақша соғып жатқан жоқпыз. Барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында. Ескі мектептердің орнын жеке кәсіпкерлерге сенім басқаруға береміз. Солар соғып беріп жатыр. Соның нәтижесінде балабақшамен қамту пайызын 87,5-ке жеткізіп отырмыз.

Балабақшадағы біз көрген бүлдіршендердің барлығы дерлік шетінен талантты. Әсіресе ұлдар жағы 8 наурыз аналар мерекесіне даярлықты бастап кеткен.

Талқылау