ОҚО-да ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті бір ай өткен соң ақыры қолға түсті.
Күдікті сол ауылдың тұрғыны болып шықты, деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі. 26 жастағы күдікті қылмысын толығымен мойындады. Оның үйінен балтасы да табылған. Бірақ ол ауылдастарын не себепті өлтіргенін айтқан жоқ. Полицейлер қылмыстың себебі тергеу барысында анықталатынын айтты.
Айта кетейік, 59 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйел кісі балтамен шабу салдарынан көз жұмған болатын. Алмалы ауылында белгісіз біреулер ерлі-зайыптыларды балтамен азаптап өлтіріп, мәйіттерін көшенің бойына тастап кеткен. Кейіннен полицейлер марқұмдардың ерлі-зайыптылар екенін анықтады.
Жіберіп алмаңыз:
Белсенді: Аналар оқушы қыздарына мүшеқапты қолдануды өздері үйрету керек
Күн жылығанда таралатын ішек инфекциясынан қалай сақтану керек?
Маньяктар туралы кітап оқып алған оқушы қыз 40 адамды пышақтап өлтіруді жоспарлаған