Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да букмекерлік кеңсе қызметкері тонап кетті деп 1,5 млн теңгені ұрлаған

Оңтүстік Қазақстан облысында букмекерлік кеңсе қызметкері тонап кетті деп жалған хабар таратқан. Сөйтіп кеңсеге тиесілі 1,5 млн. теңгені қалтасына басып қалмақ болыпты, – деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

букмейкеррр

Қылмыстық оқиға Сарыағаш ауданында орын алған. Аудандық ІІБ кезекші бөліміне букмекерлік кеңсені тонап кетті деген хабар түседі. Оқиға орнына жеткен полицейлер сол түні кезекшілікте болған 23 жастағы қызметкерден жауап алады.

Бойжеткеннің сөзінше түн жарымда кеңсеге бетіне бетперде киген біреулер баса көктеп кіріп, оны пышақпен қорқытқан. Кеңседегі 1,5 млн теңгені тонап, қашып кеткенін айтыпты.

Осы оқиға бойынша «Қарақшылық» бабымен іс қозғаған тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізеді.   Жедел іздестіру шараларын жүргізген полицейлер бұл қылмысқа букмекерлік кеңсенің қызметкері қатысты екенін анықтады.

Ол кеңсені белгісіз біреулер тонап кетті деп, қомақты қаражатты жасырып қойыпты. Ұрланған ақша оның үйінен табылған. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің үш бабымен («Бөтеннің мүкін иемдену немесе ысырап ету», «Жалған жауап беру» және «Жалған хабар тарату») іс қозғалды.

23 жастағы бойжеткенге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Талқылау