Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да бизнесмен асқабақ, жаңғақ және мүкжидектен тосап жасап сатуда

Оңтүстік Қазақстанда жасыл жаңғақтан консервіленген тосап жасап шығаратын ерекше цех жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын өз жұмысын бір жыл бұрын бастаған. Бұл жылы кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдікпен несие алып, енді “Бірегей кәсіпорын” деген аталым бойынша грант ұтып алуға ниетті.

ОҚО-да бизнесмен асқабақ, жаңғақ және мүкжидектен тосап жасап сатуда

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сарыағаштық кәсіпкер Бақыт Наурызбай өзінің шағын кәсіпорынында өзі емдік деп айтатын тосаптарды өндіреді. Жасыл жаңғақ, асқабақ, мүкжидектен жасалған тосаптарды дүкен сөрелерінен кезіктіру қиын. Тосаптар қосындылар қосылмай, тек табиғи өнімдерден жасалғандықтан банка ашылғаннан кейін оны тек тоңазытқышта сақтау қажет.

ОҚО-да бизнесмен асқабақ, жаңғақ және мүкжидектен тосап жасап сатуда

Грек жаңғағынан жасалған тосаптар Әзербайжанда кең танымал. Сарыағаштық кәсіпкер бұл десертті біздің елде де жасауды дұрыс деп тапқан. Бақыт Наурызбай өнімді сатылымға шығармас бұрын, біліктілігі жоғары диетологтармен де кеңескен.

ОҚО-да бизнесмен асқабақ, жаңғақ және мүкжидектен тосап жасап сатуда

“Йод жетіспеушілігі жоғары біздің аймақ адамдары үшін мұндай тосаптар өте қажет. Жаңғақ тосабы бауырға пайдасын тигізіп, ұйқысыздық, тамақ ауруы, тұмау, жүйке аурулары, жүрек ұстамасынан емдейді. Сондай-ақ, гипертония мен атеросклерозға да пайдасы бар. Жаңғақ тосабы адамның ақыл-ойының дамуына да септігін тигізіп, адам иммунитетін жоғарылатады екен. Оны балалар да, жүкті әйелдер де тұтына береді”, – дейді кәсіпкер.

Қазір кәсіпкер өзіне қажетті жабдықтарды алып, кәсіпорын аясын кеңейтуге барын салып жатыр.


Оқи отырыңыз: Асқабақ көптеген дерттен айықтарады

 

Талқылау