Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 130 шөбересі бар әжей 100-ші көктемін билеп қарсы алды (фото)

22-ші наурыз – Асановтар отбасы үшін қос мереке. Ал биылғы мейрамның тамырын тереңге жайған әулет үшін орны бөлек. Себебі әулеттің үлкен анасы Қалдыгүл Асанова ұлыстың ұлы күні ғасыр құрдасы атанды.

5

Сарыағаш ауданындағы «Берекелі» аулының тұрғыны Stan.kz сайтының тілшісіне  ұзақ өмір сүрудің сыры – салауатты өмір салты мен аянбай еңбек етуде екенін айтты.

8

11

Қалдыгүл ана 100-ші туған күнінде билеп, барлық балаларын қуантты.

3
Батыр ана бүгінде 9 ұл-қызынан тараған 48 немере, 130 шөбере, 41 шөпшек сүйіп отыр. Олар Қазақстанның түрлі қалаларында тұрады. Әз-наурызбен тұспа-тұс келген мерейтойда әжейдің ұрпағы түгел бас қосып, арқа-жарқа болысты.

4
Отағасымен бірге ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Қалдыгүл апа өкімет тарапынан бірнеше рет медальдармен марапатталған. Жолдасынан көз жазып қалғанына ширек ғасырдың жүзі болса керек. Алайда, қабырғасы қайыспай, ұрпағына пана бола біліп, бейнеттің зейнетін көруде.

7

Түрлі кәсіптің белді мамандарына айналған балалары әжейдің жағдайын жасап, келіндері тік тұрып қызмет етуде.
Қос ғасырдың куәсі сұрапыл соғыс жылдарын бастан өткерген. Отаны үшін аянбай тер төккеніне ел куә. Асыл қазына әжейді ел ардақтап, ауылдастары сыйлап  қадір тұтады.

1

Қалдыгүл ананың марапаттары.

2

6

9

10

Оқи отырыңыз:

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпаз атанды (видео)

Әнуар Нүрпейісов өзін сынағандарды қатыгездер деп атады

Талқылау