Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқытушы өз студентін бөлшектеп тастады: Студент қыз өлімінің алдында ағасымен сөйлескен

Ресейдегі Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің көз жұмған студенті Анастасия Ещенконың ағасы қарындасымен соңғы рет қарашаның 8-іне ауған түні сөйлескенін айтты. Сергейдің сөзінше, қарындасы жылап сөйлескен.

Оқытушы өз студентін бөлшектеп тастады: Студент қыз өлімінің алдында ағасымен сөйлескен

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РЕН ТВ» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сергейдің айтуынша, қарындасы Анастасия Ещенкомен түнде сөйлескенде, ол жылап, бірге тұрып жатқан азаматы Олег Соколовтың өзін ұрғанын айтқан. Олардың арасында ұрысқа Анастасияның таныстарының туған күніне барғысы келгені себеп болыпты. Алайда сүйіктісіне бұл ойы ұнамаған. 

«Ол қарындасымды кемсітіп, оның жақсылықты түсінбейтін адам екенін айтқан. Артынша ұрып жіберіпті. Мұнан кейін Анастасия үйден кетіп қалып, маған қоңырау шалды. Ол менен басқа хабарласатын ешкімі жоқ екенін айтты. Екеуіміз сөйлестік. Мен одан ол ер адамнан кетуін сұрадым. Алайда ол үйге қайтып барып, заттарын алуы керегін айтты. Ол жатақханада тұрақтамақ болған еді», - дейді Сергей.

Ағасының айтуынша, қарындасы бәрі жақсы болатынын айтып сендірген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Санкт-Петербург мемлекеттік университенің оқытушысы Олег Соколов өзі оқытқан студент қызды айуандықпен өлтірген деген айыппен ұсталған еді. Тергеу барысында ол студентін не себептен өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағанын айтып берді.

Талқылау