Оқытушы студентінің денесін бөлшектеп тастаған: Қылмыскердің айғақтарды құртып жатқан сәті видеоға түсіп қалған
Желіде Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тарих пәнінің мұғалімі Олег Соколов
арасында байланыс болған студент Анастасия Ещенконың бөлшектенген денесін суға ағызып жатқаны түсіп қалған видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"78" арна жариялаған видеожазбада ер азаматтың ауыр қапты арқасына алып келе жатқандығы, содан кейін жанында ешкімнің жоқтығын пайдаланып әлгі қапты суға лақтырғаны байқалады.
Студент қыздың денесін екінші рет суға тастайын деп жатқанда Соколов өзенге құлап кеткен.
Сонымен қатар, құтқарушылардың оқытушыны судан алып шыққаны да видеоға түскен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Соколов студент қызды өлтіріп денесін бөлшектеп тастағаны мәлім болған еді. Одан кейін студент қыз өлімінің алдында ағасымен сөйлескені айтылған.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады