Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкінішті сезбедім, жай бостандықта жүр": Таразда инъекция алған соң көз жұмған ер адамның жұбайы сот үкіміне қарсы шықты

Таразда антибиотик алғаннан кейін көз жұмған ер адамның ісі бойынша дәрігер мен медбикеге үкім шықты. Алайда оның жұбайы сот үкіміне қарсы шықты. Айтуынша, кінәлілер өз істеріне өкінішін білдірмеген және бостандықта жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екеуіне де бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, зардап шеккен отбасыға 11 миллион теңгеден аса өтемақы төлеу міндеттелді.

“Екі сотталушыға да үш жылға дейін инъекциялық терапиямен айналысуға тыйым салынды. Әрқайсысы 5 миллион теңгеден моральдық зиянды, сондай-ақ жалпы 1 миллион 788 мың теңге материалдық шығынды төлеуі тиіс”, – деді Жамбыл облыстық сотының өкілі Алина Райымбаева.

50 жастағы Ерлан Атабековтің өліміне қатысты тергеу мен сот бір жылға жуық уақытқа созылған. Қаңтар айында ол жұбайымен ауырып, дәрігерге барған. Дәрігер "Цефтриаксон" тағайындап, өз кабинетіндегі сынамаға жіберген. Сол инъекциядан кейін ер адамда анафилактикалық шок болған. Медкабинетте оны құтқара алмаған. Кейін сотта белгілі болғандай, дәрігердің ол кабинетті ашуға да құқығы болмаған, ал медбике өз міндетін дұрыс атқармаған.

Сот нәтижесінде дәрігерге екі жарым жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Медбике бір жыл шектеу алды, бірақ амнистиямен жазадан босатылды. Бұл шешіммен марқұмның жұбайы келіспейді.



“Адам қаза тапты, оны өлтіріп алды, ал олар жай ғана жүр. "Білмей істедік" дейді. Түсінемін, әдейі емес, бірақ әр адам шын жүректен өкінуі керек қой. Мен ондай өкінішті сезбедім. Маған моральдық өтемақы тағайындады, бірақ оны мен өмір бойы аз-аздан алып отырамын. Екі балам бар, енді оларды 18 жасқа дейін өзім өсіремін”, – деді марқұмның жары Мөлдір Мекемтас. 

Еске салсақ, Таразда инъекция алған соң қайтыс болған науқастың өліміне қатысты сот үкімі шығарылған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 10:29