Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Океанариумда алып балық аниматор болып жұмыс істейтін қызды жеп қоя жаздады (видео)

28 қаңтар күні Қытайдағы океанариумда су перісі кейпінде аниматор болып жұмыс істейтін ресейлікті алып балық жеп қоя жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

22 жастағы Мария есімді қыз оқыс оқиғаның Қытайдың Сишуаньбань қаласында болғанын айтады. Оның сөзінше, жанынан жүзіп бара жатқан алып балық оның басын тістеп алған. Салдарынан қыздың бетіне зақым келген. Судағы жыртқыш аниматордың мұрынға арналған қысқышы мен көзілдірігін жеп қойған.

Өлім аузынан қалған қыз басы, мойны мен көзі қатты ауыратынын айтқан. Ал басшылық болған жағдайдан кейін Мария моральдық шығын ретінде 700 юань (шамамен 49 889 теңге) өтемақы төлеген. Бірақ әу баста жұмысындағы басшылар қызға 500 юаньнан артық өтемақы төленбейтінін ескерткен.



Сондай-ақ океанариум басшылығы Марияға болған оқиға туралы айтуға тыйым салған. Атап айтқанда, басшылық бұл жағдайдың ғаламторда таралып кетпеуі үшін олар қызға бірнеше рет қоңырау шалып, ескерту жасаған.

Бұған дейін Египетте әкесі мен баласына акула шабуыл жасағаны туралы жазған едік.

Талқылау