Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оған жаным ашиды": Мөлдір Мұқанова әнші Бақыт Тұрманның мәлімдемесіне жауап берді

Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманға жауап бердіФото: https://www.instagram.com/moldir.mt?

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова “Тек қана қыздар” подкастына берген сұхбатында әнші Бақыт Тұрманованы “Әзіл Әлемі” театрының сахнасына шығармай қойғаны туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсердің айтуынша, әртістің танымал болуы оның өзіне және бағына байланысты, сондықтан өзгеге ренжудің қажеті жоқ.

“Менің оған жаным ашиды. “Әзіл әлемінде” әншілермен мен жұмыс істедім. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сынды әртістерді шақырғанда әуежайдан қарсы алып, жағдайын жасаймын. Тұрсынбекке әрдайым “Сен биіксің, сенің “Әзіл әлемің” жоғары деңгейінен түспеуі керек. Оған тек танымал адамдар қатысуы керек” дедім. “Мені сахнаға шығармай қойды” деп айтқан екен. Тіпті “Бақытты сахнаға шығаратын болсаң, мен сенімен ажырасымын” деп айтқан, ақыры ажырасты ғой” деген екен. Бәрі бағына орай ғой, біз қолымыздан келгенін жасадық, ол кісіні де сахнаға өнер көрсетуге шақырдық. Жаным ашып, Тұрсынбекке: “Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын” дедім. Егер ол танымал болмаса, бағы жанбаса, оны әнші ретінде шақырмаса, не үшін жұртқа ренжиді? Тұрсынбек пен Мөлдірге ренжудің қажеті қанша? Баланың тірлігі сияқты, мен оған жауап беріп, оның деңгейіне түскім келмейді”, – деді Мөлдір Мұқан.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқановамен қандай қарым-қатынаста екенін айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 12:48