Оған мансабын аяқтау керек: Хабиб Головкинге кеңесін айтты
Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедов EFC турниріне арналған баспасөз мәслихатында қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинге жеке кеңес беріп, мансабы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“2004 жылы ол Олимпиаданың финалында болды. 20 жылға жуық уақыт өтті. Ол қазір 38 жаста. Бір жекпе-жек өткізіп, қарттығына дейін ақша тауып, сонымен аяқтағаны дұрыс шыға, бұл менің жеке кеңесім. 35 жастан асқан адам мұндай ауыр спортпен айналыспауы керек. Бір-екі жекпе-жектен кейін аяқтауы керек, өйткені оның отбасы бар, оны әлі алда өмір күтіп тұр. Бокс ММА-ға қарағанда ауыр”, – деді Хабиб.
Ол сонымен қатар, егер ММА-да балуан буындардан жарақат алса, бокста басқа зиян тиюі мүмкін екенін баса айтты.
Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанға келді. Спортшы қазір Алматыда.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық