Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оған әлі ерте": Әли Оқапов інісі Мәдидің шаңырақ көтеруге асықпайтынын жасырмады

Танымал әнші Әли Оқапов отбасы мен шыққан тегі туралы әңгімелеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/

Эстрада жұлдызының айтуынша, інісі Мәди отбасын құруға асықпайтын көрінеді. 

“Мәди – жаңа ғасырдың, жаңа мыңжылдықтың баласы. Биыл 24 жасқа толды. Негізі үйленетін жасқа жетті ғой, бірақ ішкі дүниесі, көзқарасы бойынша әлі ертелеу сияқты. Мен 29 жасымда отау құрдым. Бірақ ерте есейдім. Әкемнен ерте айырылған соң сол кісінің орнын басуға тырысып, Мәдиге қамқорлық көрсетуге тырыстым”, – деп ағынан жарылды әнші. 



Сонымен қатар, өнер иесі тегінің үш рет ауысқанын да айтты. Інісі анасының тегіне жазылып, өзі әкесінің атында қалған көрінеді. 

“Тегімді не үшін үш рет ауыстырғанымның себебін ашып айта алмаймын. Анамның айтуынша, әкеміз дүние салғаннан кейін, қатты қиналған. Өте қиын заман еді. Тіпті отбасымызға қауіп төнген де кез болды. Сол үшін тегімді үш рет ауыстырдым. Негізі Оқапов боп туылғам, кейін Тасқынұлы болдым. Сосын Рымбаев деп өзгерттім. Кейін, алғашқы төлқұжатымды аларда "Мама, енді бәрі тынышталған сияқты, біз үшін ештеңе қауіпті емес шығар. Қалай қарайсың, мен негізі Оқаповпын ғой, түрім де, мінезім де әкеме тартқан. Сен қарсы болмасаң, құжатымды Оқапов деп алсам" деп едім. Анам қарсы болған жоқ, "өзің шеш" деп айтты. Содан бері ресми түрде Әли Оқаповпын”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Әли Оқапов атақтарының өзінде қалғанын айтып, қолдау білдірген көпшілікке алғыс білдіргенін жазған едік. 

Талқылау