Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадан келген отбасы Израильде ракета шабуылынан қаза тапты

Фото: ТАСС / Андрей Широков

Израильде Одесса қаласынан келген, қызының емі үшін Бат-Ям қаласына қоныс аударған украиналық отбасы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай туралы телемарафон барысында хабарланды. Журналистің айтуынша, отбасы қалада болған кезде ол ракеталық шабуылға ұшыраған.

Тель-Авив маңындағы қалада болған жойқын жарылыстан кейін дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жедел әрекет еткенімен, қыздың ата-анасын құтқару мүмкін болмады.


Израиль премьер-министрі Иранның рухани көсемі Хаменеиді өлтіруден тайынбайтынын айтты


Израиль Иранның мемлекеттік телеарнасының ғимаратына тікелей эфир кезінде соққы жасады


Еске салайық, бұған дейін Израильдің Бат-Ям қаласына Иран жасаған ракета шабуылы кезінде бес украиналықтың қаза тапқаны хабарланған еді. Бұл шабуыл 15 маусымға қараған түні болды. Ирандық "Хайбар" атты ракета көпқабатты тұрғын үйді дерлік толығымен қиратты. Бұл ракета 2000 шақырымға дейін ұша алады және 1,5 тонна салмақтағы жауынгерлік бөлікті алып жүреді. Оны түрлі платформалардан, соның ішінде сүңгуір қайықтардан да ұшыруға болады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 10:27
Талқылау