Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі мұсылмандар жергілікті тұрғындарды хиджаб киюге шақырды (фото)

“Президент Трамтың мұсылмандар құқығын шектеуінен” кейін хиджаб киген қыз-келіншектер көтеріліске шықты. Нью-Йорк қаласының тұрғындары муниципалитет ғимаратының алдына жиылды. Бұл жолы олар бастарына Американың туы бейнеленген орамалдар киіп келген екен.

3CBCE57200000578-4182600-NEW_YORK_NY_FEBRUARY_01_Sophia_Herron_wears_an_American_Flag_hea-a-49_1485999274655

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Мұсылмандар бас қосатын ерекше шараны ең алғаш Нэзмон Хан ұйымдастырған. Бұл күні ислам дініне бет бұрғандар, өзге дін өкілдеріне ерекше ұсыныс жасайды: бастарын орамалмен көмкеріп, хиджаб киюге шақырады.

Сәрсенбінің сәтті күнінде ондаған әйел муниципалитет ғимаратының маңына жиналды. Нью-Йорк шенеуніктері мұндай оқиғаның соңғы жаңалықтарға байланысты орын алып отырғанын растады. Өткен жылы мұсылман әйелдерге шабуыл жасалған екен. Асма Елюни есімді бойжектен өткен аптада өзін жергілікті тұрғындардың мазақ қылғанын айтты.

3CBCE5C800000578-4182600-NEW_YORK_NY_FEBRUARY_01_New_York_City_Police_Officers_Aml_Elsoka-a-48_1485999226818

Бангладештен 11 жасында көшіп келген тұрғын әлі күнге дейін үстіндегі хиджабына қатысты түрлі сын айтылатынын тілге тиек етті.

3CBCE52A00000578-4182600-image-a-51_1485999285799

“Орта мектепте мені “Бетмэн” немесе “ниндзя” деп мазақтайтын. Ал ЖОО-ға түскенімде мені қоқыс шелегі, террорист деп кемсітетін болды. Ол күндерді тіпті есіме алғым келмейді. Меніңше, олардың өздері хиджаб кие бастағаннан кейін ғана біздің жағдайымызды түсінеді”, – дейді ол.

3CBCE57400000578-4182600-image-a-61_1485999323733

Бірнеше күн бұрын көпшілігін мұсылман мемлекеттері құрайтын 7 елге АҚШ-қа кіруге тыйым салған-ды. Олар қолдарында грин карта болған жағдайдың өзінде еліне қайтарылады.

3CBCE5A300000578-4182600-NEW_YORK_NY_FEBRUARY_01_Women_wear_American_Flag_head_scarfs_at_-a-50_1485999282945

Бүгінгі таңда 1000 әйел хиджаб киюшілерді қолдайтынын жеткізді. Енді олар да діні басқа болса да, оранып жүрмек.

3CBCDD0000000578-4182600-image-a-55_1485999301998

Нью-Мексико университетінің хиджаб киетін студенттері өздерінің курстастарынан көмек сұраған. Яғни олардың да хиджаб киіп суретке түсуін өтінген.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда сарбаздардың өліміне кінәлі деп танылған 6 әскери ерте босап шықты

Ақтөбе имамдары ас беру кезінде жайылатын дастарханның жалпыға ортақ мәзірін бекітпек

Өгей ана туғаныңдай бола ма?

Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды

Талқылау