Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте террорист мүгедек балаларды әдейі өлтірмек болған

31 қазан күні Нью-Йорк қаласында теракті ұйымдастырған Сайфулло Саипов өзінің жүк көлігін әдейі мүгедек мектеп оқушылары отырған көлікке бағыттаған.

Бұл туралы  NBC New York басылымы хабарлайды.

Куәгердің айтуынша, Саипов жүк көлігін автобусқа қарай бұрып, артынша өзі айналадағы адамдарға оқ жаудыра бастаған. Сол сәтте “Аллаху Акбар” деп айқайлаған екен. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен полицейлер оны ішінен жарақаттап, артынша тұтқындады.

Автобуста отырған екі ересек адам мен екі баланың жарақаттанғаны белгілі. Оқушылардың біреуі хал үстінде жатыр. Жалпы көз жұмған 8 адамның алтауы оқиға орнында тілге келместен бақилық болған. Олардың барлығы – ер адамдар. Тағы 11 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға One World Trade Center мұнарасының жанында болған. Аталған мұнара 2001 жылы 11 қыркүйек күні құлаған Егіздер мұнарасының орнына жақын орналасқан.


Жіберіп алмаңыз:

Манхэттенде теракт жасаған Өзбекстан азаматы болып шықты

Нью-Йоркте теракт жасаған Өзбекстан тумасы хат жазып кеткен

Астанада өрт салдарынан мүгедек болған тұрғынға 15 млн теңге төленді

Солтүстік Кореядағы ядролық полигонда 200-ден астам адам қаза тапты

Талқылау