Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте теракт жасаған Өзбекстан тумасы хат жазып кеткен

Нью-Йоркта жүк көлігін мінген ер адам велосипедшілер жүретін жолмен жүріп, алдынан шыққан адамдарды соқты.

Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлайды.

Нью-Йоркта теракт жасаған 29 жастағы күдікті Сейфулло Саипов лаңкестік әрекетін “Ислам мемлекеті” террористік ұйымы атынан іске асырған. “Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметіне сәйкес, жүк көлігімен адамдарды соққан ер адам көлікте хат қалдырып кеткен. Хатта ол шабуылды “Ислам мемлекеті” атынан жасағанын айтады”, — делінген хабарламада.

Телеарна мәліметі бойынша күдікті Өзбекстан тумасы Нью-Джерси штатындағы Патерсон қаласында тұрады. Бірақ ол ұсталған кезде Флорида штатының жүргізуші куәлігі табылған. Оның әйелі мен екі кішкентай баласы бар. Өз кезегінде Саиповтың танысы Кобилджон Маткаров NBC арнасына берген сұхбатында “оның бақытты адам болғанын, АҚШ-ты жақсы көргенін және оның террорист емес екенін” айтқан.

Сейсенбі күндіз Манхэттенде қаскөй бірнеше көше велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап өткен. Жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соғылады. Көлік жүргізушісін полицейлер жарақаттаған. Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 8 адам қаза болып, 11 адам зардап шекті.


Талқылау