"Құраннан дәйексөз келтірдім": Нұртас Адамбай не үшін сотқа тартылғанын түсіндірді
Режиссер әрі актер, кинопродюсер Нұртас Адамбайдың ісі бойынша сот процесі өтпей қалды. Өнер иесі жеке парақшасында іске қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/nurtasadambay/
Айта кетейік, танымал актерге діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасын бұзды деп айып тағылған еді.
“Астана қаласының дін істері басқармасы мені Instagram желісіндегі парақшамда Құран Кәрімнің аудармасындағы сөзді жазғаным үшін сотқа берді. Құран аудармасынан дәйексөз келтіруге болмайтынын білген жоқпын", – деп жазды кинопродюсер.
-
"Ел намысын қорғаймын!" деген сөзге алданып қалмаңдар!": Нұртас Адамбай қазақстандықтарға шағымданды
Еске салайық, аталған құқық бұзушылықтар үшін: жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 184 600 теңге), заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 738 400 теңге) айыппұл қарастырылған.
1 тамыз күні WhatsApp мессенджері арқылы бейнеконференция өтеді деп жоспарланған еді. Алайда сот отырысы өтпей қалды. Қай уақытта болатыны да белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Нұртас Адамбаев бірқатар шенеуніктерден кешірім сұраған еді.