Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok парақша ашты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын белсенді түрде жүргізе бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azh.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиевтің қызы. Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы, марқұм Рахат Әлиевтің баласы. Жуырда жарияланған видеоларының бірінде Лора Әлиева өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевқа арнап жазба жариялаған.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Нұрәлі Әлиев пен оның жұбайы Аида Әлиева (Берік Имашевтің қызы) төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Биыл қаңтарда Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Бұған дейін, 10 қаңтарда, ол Instagram желісіндегі парақшасында The Spark of Light атты жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлаған.
Жобаның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, компания қызметі саналы өмір сүру, ішкі тепе-теңдік пен менталдық әл-ауқат мәселелеріне бағытталған. Миссия сипаттамасында бастама адамдарға өмірін саналы түрде құруға, үйлесімділік табуға және қазіргі әлемдегі жаһандық өзгерістерге бейімделуге көмектеуді мақсат ететіні айтылған.
Лора Әлиеваның TikTok желісінде парақша ашуы әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал әулет өкілдерінің жаңа жария белсенділіктері қызу талқыға түсті.

"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр