Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Қоянбаев Тоқаевты "Түнгі студияға" шақыратынын айтты

Фото: https://www.instagram.com/koyanbayevnurlan/

Танымал актер, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев “Түнгі студияға” президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырғысы келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі “Замандас” подкастында қонақ болды. 

“Қайбір жылы Назарбаев “Түнгі студияда” қонақ болды. Ол кезде заман басқа еді. Тоқаевты да шақыруға ниет бар. Мақсат та қойып отырмыз. Бірақ қазір заман мүлдем өзгеше болып кетті. Бірінші президентті шақырдым, екіншісі де келуі керек десем, ұят болып қалады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, көрші елдерде жағдай қиын болып жатыр. Ішкі саясат пен сыртқы саясат та мәз емес. Сондықтан қазір президенттің көңіл көтеретін бағдарламада отыруы орынсыз сияқты”, – деді Қоянбаев.



Алайда көңіл көтеретін бағдарламаға президентті шақыру мақтаныш екенін жасырмады.

“Америка мен Қазақстан президенттері ғана түнгі бағдарламада қонақ болған. Көшпелі қазақ америкамен бірге иық тіресіп тұр. Қытай басшысы да, Түркия президенті де көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламаларда қонақ болмаған. Назарбаев 11 минут қана қонақ болды. Министр, арна басшысы бәрі араласты. Маған сын көзбен қарағандар да болды. Бірақ қолымыздан келді. Ол кезде Таиландта кино түсіріп жүр едім. Ертеңіне ұшып келдім. Еркін форматта өтіп кетті”, – деді Нұрлан.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 20 Маусым, 2025 12:42
Талқылау