Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев ауруханадан жатқан суретін бөлісіп, оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі күні кеше әлеуметтік желідегі парақшасында аурухана төсегінде жатқан суретін бөліскен еді. Ол жазбасында “Жолда абай болыңыздар” деп жазған.
Осыдан кейін желі қолданушылары актердің жағдайына уайымдап, өнер иесі жол апатына түсті ме деп сұрақ жаудырды.
Бүгін өнер иесі тағы да суретін жүктеді. Онда ол қолдау білдірген жандарға алғыс білдіріп, бәрінің жақсы болатынын жазған.
“Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады.
Денсаулық – ең үлкен байлық! Ең қымбат сыйлық. Ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл-күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз”, – деп жазған ол.
аАйта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың фильміне қатысты әзіл айтқан Алдияр Жапарханов жұртқа жақпай қалғаны хабарланған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты