Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан имам Трамппен бірге Вашингтондағы дұға ету таңғы асына қатысты

Нұрлан имам АҚШ-та өтекен Таңғы ас рәсіміне қатыстыФото: instagram.com/nurlanimam.kz/

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы Вашингтонда өткен Таңғы ас рәсіміне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жыл сайын өтетін Таңғы астың 74 рәсіміне арнайы келгенін Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші Таңғы Ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат”, – деп жазды ол.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 07 Ақпан, 2026 11:35