Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрқожа Қайпанов әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақын

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте ең үздік балуандардың көшін бастауға жақын тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UWW

Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпанов UWW-дің жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарына енді. Біріккен күрес әлемінің жыл соңында шығарған рейтингінде Қайпанов 70 келіде екінші орынға жайғасқан. Бұл салмақта көшті грузин балуаны бастап тұр. Ал үшінші орынға жапон балуаны тұрақтаса, тәжік балуаны үздік төрттікті түйіндеген.

Айта кетейік, барлық салмақ бойынша үздіктер қатарына еліміздің еркін күрес құрамасынан тек бір балуан ғана енген. Өзге салмақтарда қазақ балуандары алғашқы бестікте жоқ.

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 10:51