Нұрболат Абдуллин екінші рет әке атанды
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин екінші рет әке атанды. Хитмен қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жеке өмірін жұрттан жасыратын әнші бұл жолы да отбасындағы қуанышты жаңалықты ашып айтпаған.
Ал журналист әрі асаба Нұржан Аташ жақын досының қызды болғанын, өзінің кіндік-әке атанғанын хабарлаған. Сөзіне қарағанда, дүниеге келген кестетігерге Табиғат есімі берілген.
Абдуллиннің өзі соңғы жариялаған суреттерінің біріне "Табиғат" деп жазба қалдырған.
Әншінің қызды болғанын естіген жұрт оны жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Абдуллиннің отбасылы екенін халық қана емес, әріптестері де білмеген. Былтырғы жылы Нұрболат тұңғыш қызына арнап той жасаған кезде шоу-бизнес әртістері қатты таңғалған болатын.
Тағы оқыңыз: Әке туралы өлеңдер
Талқылау