Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұралы Әліп "Манчестер Юнайтед" командасына кете ме: Қазақстандықтар англиялық команданың желідегі парақшасына "шабуыл жасады"

Қазақстандықтар "Манчестер Юнайтед" командасының (Манчестер Юнайтед) Instagram парақшасына “шабуыл жасады”. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bassport.kz

Бұл оқиға "Зенит" пен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің ағылшындық клубқа ауысуы мүмкін деген ақпарат шыққаннан кейін болған. Әлеуметтік желідегі соңғы жазба 280 мыңнан астам пікір жинады. Олардың көпшілігінде Қазақстан туы бейнеленген пікірлер жазылған. 

"Әліп әлемдегі ең мықты қорғаушы", "Манчестер Юнайтед бағасы 10 миллионнан аспай тұрғанда алып алмасаңдар, ертең Реалғ 100 миллионға кетіп қалады", "Нұралы Әліп ең мықты ойыншы", "Нұралы Әліпті алсаңдар еш өкінбейсіңдер. Әліп Словенияға қарсы өте жақсы ойнады", "Манчестер де біздің жер. Нұралы Әліп доп тепкен жер деп жүрейік бұйырса", - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде "Манчестер Юнайтед" командасы Нұралы Әліпке қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Дереккөздің айтуынша, "Манчестер Юнайтедтің" Әліпке қызығуына Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында сәтті өнер көрсетуі себеп болған.

Талқылау