Қазақстандық әйел қызына желіде тіл тигізгендерден екі миллион теңге өндіріп алды
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотында әйел жасөспірім кибербуллингі дерегі бойынша моральдық өтемақы өндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың қыркүйегінде жауап беруші азаматтың ұлы бұрынғы сыныптастардың мессенджердегі чатында әйел мен оның қызына қатысты намысқа тиетін хабарлама жазған. Кейін қыздың анасы сотқа жүгініп, 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап еткен. Себебі қызы хабарламадан кейін екі ай бойы күйзеліске түсіп, психологтің көмегін алуға тура келген.
Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысы бойынша тіл тигізген жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған ұлына тиісті тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз? Психолог кеңес берді
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі