Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа туған сәбиін тұншықтырып өлтірген бойжеткен түрмеге қамалмайтын болды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің жаңа туған баласын өлтіргені үшін сотталды. Бүгін елордалық мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

сәби

Айыпталушы 2020 жылы 22 тамызда пәтерде болған кезде баланы дүниеге әкелген. Ол өзінің үйіндегі жуынатын бөлмеде босанды, ал оның ағасы, келіні мен шешесі көрші бөлмеде болды. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы мен сарапшының айғақтарына сәйкес, босанған әйел қорқыныш пен психологиялық күйзеліс жағдайында болған.

Әйел жаңа туған нәрестені тұншықтырып өлтірді. Оның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сараланды.

Ауыпталушының орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын, жасағанына өкінгенін, сондай-ақ 1 дәрежелі қант диабеті, 140 келі семіздік жағдайында болғанын ескеріп, сот оны екі жылға бас бостандығын шектеуге соттады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде сот ең көп мерзімінің жартысынан көбіне, яғни екі жылдан астам мерзімге жаза қолдана алмады, деп түсіндірді сот. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған ұқсас жат БҚО-ның Казталов ауданында болды. 19 жастағы тұрғын баланы целлофан пакетіне орап, көшедегі дәретханаға лақтырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау