Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда үй мен жұмыс мәселесін шешуді талап еткен көп балалы ана Nur Otan кеңсесінде түнеп шықты

Елордалық әйел Nur Otan партиясының филиалына балаларын ертіп келіп, сол жақта түнеп шықты. Көп балалы ана шенеуніктер оның үй мен жұмыс мәселелерінің шешпейінше, ғимараттан шықпауға бекінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағларламасына сілтеме жасап. 

көп балалы ана

Ақбаян Жолмырзаева

Ертесі күні партия филиалына әйелдің жағдайын білуге барған журналисттерді мекемеге кіргізбей қойған. Бұған себеп - карантиндік талаптар. Ақбаян Жолмырзаева балаларымен бірге ғимараттың дәлізінде түнеген сыңайлы. 

"Бұл ешқандай карантин шаралары емес. Nur Otan-ның ішінде көп балалы әйел бар, сол үшін кіргізбеуде. Әдейі аналар жиналмасын деп отыр. Біз кеше партияның басқа филиалына барған едік. Алдымызға бірде-бір депутат шықпады. Олар кім үшін сайланды? Аналардан қорқып отыр ма?" - дейді филиалға келген елорда тұрғыны Гүлшырын Әбдіхалыққызы. 



Ғимаратқа түнеген Ақбаян Жолмырзаева онда таңғы сағат 4-ке дейін болғанын айтады. Әртүрлі ұйымдардан адамдар келді деген ол мәселесін сол күйі шешпегенін жеткізді. Көмектің орнына шенеуніктер тіпті, әйелді қорқытпақ болған көрінеді. 

"Балаларды алып кетеміз деп күні бойы қорқытты. №51 мектептің әкімшілігі, ювеналды полиция келді. Ақыры үйге апарып тастады. Кетуіме тура келді, өйткені балаларымның денсаулығын уайымдадым. Дегенмен бұл әрекетімнің еш нәтижесі болмады", - дейді Ақбаян Жолмырзаева.

Еске салайық, бұған дейін елордада аналар депутаттарға талап қойғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр