"Өзімдікі" деген жазуы бар: Нұр-Сұлтанда ерекше көлік нөмірі жұртты шулатты
Нұр-Сұлтан қаласында көліктер нөмірсіз жүр. Көлік нөмірінің орнына «Өзімдікі» деген жазуды қыстырып алған автокөлікті жолаушының бірі суретке түсіріп, желіде жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Желі қолданушылары нөмірсіз көлікті көшеде жайбарақат айдап жүрген жүргізушіні қызу талқыға салды. Сондай-ақ, кейбіреулері мұндай жазу үлгісіндегі нөмірлі автокөлікті жол полициясы қалай байқамағанын айтуда.
Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметі пікір білдірген еді.
«Егер бұл бізде болса, көлік жүргізушісін анықтауға әрекет жасаймыз. Бұл мәлімет бойынша шара қолдану үшін толығырақ, бейнебақылау қарап шығамыз. Егер сурет рас болған жағдай болса, көлік жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылады», - дейді баспасөз қызметі София Қылышбекова.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық