Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың денесі табылды
Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыз 19 қыркүйек күні сағат11:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған қыздың анасы полицияға арызданып келген.
"Жоғалған қызды табу үшін Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы және еріктілер жұмылдырылды. Соңғы рет қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Осыдан кейін іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді қорғау органдарының қызметкерлері.
22 қыркүйекте сағат 11:20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапты.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп қосты полиция.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"