Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мектептерінде оқушыларға бірыңғай форма кию міндеттелмек

Оқу-ағарту басқармасы Нұр-сұлтанның барлық мектептерінде оқушылар үшін қара-көк түсті бірыңғай форма енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп формасы

"Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-сұлтанның барлық білім беру ұйымдарында оқушылардың бірыңғай қара-көк түсті мектеп формасына көшуі енгізілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады", - делінген басқарма сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Мектеп формасының түсі қою көк, стилі классикалық стильде жасалуы шарт.



Ұлдарға арналған мектеп формасы

Пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде. Суық мезгілде оларға тоқылған көкірекше мен мойынды ақ жейде қосылады. Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабады. Ұсынылған минимум формаға көйлек, көкірекше және шалбар кіреді.

Қыздарға арналған мектеп формасы

Пиджак, көкірекше, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан. Суық мезгілде тоқылған көкірекше мен мойынды ақ жейде қосылады. Қыздарға арналған шалбар еркін пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады. Ал белдемшенің ұзындығы кеңселік стандартта, тізеден 5 сантиметрден аспайтын болады.

Мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.

"Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілері (эмблема, жапсырма және басқалар) орналастырылады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) сыртқы бөлігіне орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектептен алуға немесе мектеп сайтынан жүктеуге болады. Мектеп формасына қойылатын талаптарда жарақаттайтын бөліктері бар киім мен аксессуарларды киюге жол бермейді. Формаға жақсартылған жартылай жүн және мақта маталары пайдаланылады. Олардың тозбауға төзімділігі жоғары. Бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар 75-85 пайыз табиғи маталар және 15-25 пайыз синтетикалық қоспалар ұсынылады", - деп түсіндірді басқармада.

Талқылау