Нутрициолог кімдерге құрт жеуге болмайтынын айтты
Фото: pixabay.com
Нутрициолог Алия Каженова шектен тыс құрт жеу денсаулыққа зиян тигізетінін жеткізді. Айтуынша, құрт құрамындағы тұздың көп мөлшері жүрек пен бүйрекке қысым түсіріп, асқазан қатерлігі ісігіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның айтуынша, дәстүрлі қазақ тағамы құрттың денсаулыққа пайдасы мол. Ол ақуыз, кальций, фосфорға бай және табиғи пробиотик. Әсіресе қарттар, балалар мен менопауза кезеңіндегі әйелдерге пайдалы. Себебі сүйекті берік етеді.
Алайда оны шектен тыс жеу зиян тигізуі мүмкін. 100 грамм құрттың құрамында 10–15 грамм тұз болады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған күндік нормадан (5 г) 2–3 есе көп.
Құртты жиі және көп мөлшерде жеу:
– Қан қысымын көтереді;
– Жүрек пен бүйрекке зиян;
– Асқазан қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
Маманның айтуынша, құрттан толықтай бас тартудың қажеті жоқ. Күніне 1–2 дана құрт жеу қауіпсіз норма.
Құрт қышқыл сүттен (айран, сүзбеден) дайындалады. Қазақстанда оны жолға жеңіл ас ретінде алып жүреді. Себебі құнарлы әрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

"Бір күнде 150 мың теңге таптым": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
