Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Нұржан Керменбаев отандық бағдарламалардың бірінде алғаш рет өзінің келіншегі туралы айтып берді. Әдетте әнші отбасылық өмірін құпия ұстағанды ұнататын. Ол алғашында келіншегінің кей қылығы тым оғаш көрінгенін айтты.

10(467)

Бұл туралы Хабар арнасының “Компромат” бағдарламасында айтылды.

– Өзіңіздің жарыңыз туралы айтып бере аласыз ба?

– Менің келіншегім өте сабырлы. Биыл 21 жасқа келеді. Тараз қаласының маңындағы Қаратау деген кішігірім қалада туып-өскен. Аталған аймаққа ешқашан барған емеспін. Дегенмен сол жақтың қызы бұйырды. Концертте ол кісі маған сыйлық ұсынды. Сол кезде жанымда қолтықтасып жүріп алатын. Бұл қылығын түсінбеймін. Ол біздің бір-бірімізге қаншалықты жарасатынымызды сол кезден-ақ тексеріп жүрген екен. Есі дұрыс емес шығар деп ойлап қалдым. Яғни алғашында ол менің тыңдарманым болды. Қазір келіншегім туралы олай айтып отырғаным ұят шығар. Ол маған өзінің жылы қарым-қатынасын көрсете білді. Концерттен кейін қоштасып кеттік.

Уақыт өте келе “Жасың 25-ке келді. Қашан үйленесің?” деген әңгімелер басталды. Осы әңгімелерден кейін әлгі қызды іздей бастадым. Бір рет желіде маған пікір жазғанын байқап қалған болатынмын. Арасынан отырып алып іздедім. Тапқан соң, жекесіне хат жаздым. Телефон нөмірін алып, кездескім келетінін айттым. Бір-біріміздің қаламызға барсақ, хабар беруді ұсындым. 3-4 күн өткен соң, ол өзі хабар берді. Анасымен Алматыға келген екен. Сол кезде екінші рет кездестік. Бірақ сұрақ-жауап болды. Жат қылығын да, кемшілігін де байқаған жоқпын. Үшінші рет кездескенімізде оны өзімнің анаммен таныстырдым. Анама сәлем салғаны қатты ұнап қалды. Осылайша төртінші рет ұзатуда көрістік.

– Бірнеше түсірілім кезінде сіздің сабырлы бола бастағаныңызды байқадым. Осының барлығы әйеліңіздің арқасы дейді. Сол қаншалықты рас?

– Барлығына тек келіншегім себеп болды деп айта алмаймын. Әрине, оның да септігі бар. Тіпті, маған туған күнімде қасиетті Құран кітапты сыйлаған болатын. Шынымды айтсам, бұл сыйлықты күткен жоқпын. Құран кітаптың аудармасын әлі күнге дейін оқимын. Қасиетті кітапты оқыған соң өмірге деген көзқарасың өзгереді екен.

– Тойда жанды дауыспен айтасыз ба?

– Иә, тойда жанды дауыспен айтамын. Бірақ қара халық арасында “минуспен келіп басты ауыртып кеткенше, плюспен ән айтып кете берсінші” дейтіндер де болады. Осы сөзді естіп қатты таңқалдым. Фонограммамен ән айтқанды ұнатпаймын. Бірақ, өнер адамы жан-жақты да бола білгені жөн. Нағима Есқалиеваның өзі “Сахнаға шығып алып плюспен ән орындау – үлкен өнер” деп айтқан болатын. Уақытында аузыңды ашып, жаба білуің керек. Сол сияқты ол да өнер. Дегенмен, жанды дауыста ән салғанға жетпейді.

– Нұржан тойға бару үшін 1 млн теңге сұрайды екен. Егер осы сомадан төмен ұсынса, көп бара бермейді деп айтып жатады. Қандай талаптарға сүйеніп, гонорарыңызды 1 миллионнан жоғары етіп қойдыңыз?

– Біріншіден, ол гонорарды мен тағайындамаймын. Бізде басшылық пен продюсерлер бар. Одан кейін ол ақшаны ұжымдағы бір адам алатын болса, әрине, үлкен сома болады. Яғни жаңағы сіз айтып отырған соманы бір адам ғана алмайды, продюсерге, топтың концерттік директорына, әкімгер, бухгалтер және Салтанат екеуімізге бөлінеді.

– Нұржан сөйлегенде “қарапайым” сөзін жиі қолданасыз. Өзіңізді қарапайыммын деп ойлайсыз ба? Қарапайым болып не істеп жатырсыз? Соңғы кезде БАҚ өкілдері сіздің өзімшіл мінезіңіз туралы айтып жатыр.

Мен көз алдыларында өскендіктен, “көкірек пайда болды” деп айтып жатқан шығар. Мені 16-17 жастағы бозбала шағымнан бастап көрді. Мен де адаммын. Сол 16 жасымдағы кейпімде қала беруім мүмкін емес қой. Ол ешқандай көкіректік емес. Мен ешуақытта көкірек болмауы тиіс деп есептеймін. Бауырларымды да, жан-жағымдағыларды да қарапайым болуға шақырамын. Мен сырт көзге қалай көрінетімді білмеймін. Оны сіздер бағалай аласыздар. Артық кетсем, кемшілігім болса, кешірім сұраймын.


Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев досының қызының опасыздығын әшкереледі

Ерке Есмахан үнді актеріне хат жазбақ

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Тыңдарманы Мақпал Жүнісоваға домбырамен ән арнады (видео)

Талқылау