Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)
Гүлзира Айдарбекова Алматыдағы Көк қайнар ауданында орналасқан «Гранд алатау» мейрамханасында өзінің кезекті «18 жасын» атап өтті. Жаңа жас емес, тура үлкен үйлену той іспетті дүркіретіп өткізді. 200 адамның басын қосқан продюсердің туған күні де шоуға айналды. Бұл туралы тойдың куәсі болған Stan.kz тілшісі хабарлайды.
Тойды белгілі әзілкеш тізгіндеді. Тегін жүргізіп жатқанын жасырмады. Басты қонақтардың қатарында Ескендір Хасанғалиев, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Құдайберген Бекіш, Жігіттер тобы сияқты қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары болды.
Астанадан Айнұр Тұрсынбаева, Алтынай Жорабаева келіпті. Кешегі Асхат Тарғында көрінбеген әнші қыздардың бәрі осында. Жеңіс Ысқақова, Шахизада, Жазира Жанболатымен, Мейрамбек Мархабатымен, Кенжебек те жұбайымен жүр.
Ұлы Қайрат Нұртас барлық әншілермен дуэт айтып, анасын тағы бір қуантты. Ал, әзілкеш асаба ойын ұйымдастырып, Мақпал Жүнісованың қалтасын 10 мың теңгеге байытты. Әуелі сайыс ұтысының 5 мың теңгесін Жігіттер тобындағы Ердос Қанаев қанжыласа, артынша Мақпал Жүнісова да жеңді. Бірақ, асаба қалтасынан шығармай Ердос мырзаның 5 мың теңгесіне жармасты. Апасынан ұялса керек, Ердос ақша үстіне ақша қосып берді.
Тілек айтуға шыққан Мақпал Жүнісова, қаланың бір шетіндегі мейрамхананы таңдаған Гүлзираға ренжіп те алды. «Келе жатырмыз, бір жарым сағатта әрең жеттік. Ақыры соңында жүргізушіме ұрысып, Көңіл- күйім әбден түсіп кеткен. Бірақ, мына ресторанға кірген соң, сондай жарық, үлкен, мынандай жиналған халықты көріп, көңілім көтеріліп кетті» деді.
Ал, ақ көлікпен ортаға кішкентай сәбимен шыққан Нұртас пен Гүлзира көпшіліктің көзайымы болды. Тіпті, кейбірі кішкентай сәбиді олардың немересі ме деп қалды.
Сөйтсе, Жетісайдан келген өкіл баласы көрінеді. Гүлзира көптің алдында Қазақстандағы ең қымбат бренд костюм шалбар кигізді Жетісайдағы баласына.
Айта кетейік, Нұртас пен Гүлзираның өкіл баласын осыдай бірнеше күн бұрын Мейрамбек пен Сәкен инстаграм парақшасына салып, Қайрат Төреғали ағаларың қалай ән салады деп сұрап жатты. Ал, кештің ең кішкентай жұлдызы күні бойы қолынан микрафон тастамай ыңылдап жүрді.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне тосынсый жасамақ
Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)
Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты
Әдемінің ұятсыз фильмге түскенін білген Вальтер махаббатынан бас тартты