Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай желі қолданушысын ұялтып тастады

Нұртас Адамбай өзін өзгерткісі келетін адамдарға ескерту жасады.

18403109_1306457346090153_7873417118404075414_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бейбітгүл Тоқабаева есімді желі қолданушысы Нұртас Адамбайдан әйел адамның рөлін сомдамауды сұраған екен. Режиссер өз кезегінде оған бірнеше ескерту жасаған. Арасында қағытпа әзілдерімен тоқтатпақ болған. Желі қолданушысы жазуын тоқтатпаған соң, оның хатын жариялап жіберді. Кей адам режиссердің бұл әрекетін қоштаса, енді екіншілері мұны мәдениетсіздікке балады.

«Сені жақсы, жаңашыл продюсер, талантты жігіт деп сыйлаушы едім. Бірақ соңғы кезде қатты көңілім қалды. Құдай үшін, билайнды жарнамалайтын досың екеуің ақшадан …, әйелдерше киініп жарнамаға түспеңдерші! Қазақтың өсіп келе жатқан ұлдарын құртасыңдар. Егер маған осы сөзім үшін ренжісең, сөйлескің келсе, жауап жазарсың. Сені де, әлгі шемішкені де қатты жек көріп кеттім. Егер түсінбесең өзің біл! Бірақ, сендер ұрпақты бұзып жатырсыңдар», – деп жазады Бейбіткүл Тоқабаева.

18447247_1311421582260396_7335881416485767344_n

18446648_1311421588927062_6911525675848767994_n

18446672_1311421578927063_9079123960729042804_n

18527863_1311421592260395_6093169200795006447_n

Бұдан кейін де диалог өрбіп, режиссер әзілдеспек болған. «Маған әртүрлі адамдар жазады. Бірақ, мына кісі өзінің ерекше жан екенін айтып жатыр. Сөзіне сенсек, «бас редактор» екен… Уақыт өте келе «бұлай жазудың қажеті жоқ», «сіз танымал адамсыз, бұлай жасаудың не керегі бар?», «мен сізді жақсы адам екен деп ойласам», «не үшін бұлай жасадыңыз?» деген сынды пікірлерді жиі оқимын… Достар, мен шенеунік немесе белгілі бір орынды иеленгісі келіп жүрген кандидат емеспін. Бақытыма орай,  белгілі бір образды ұстанып, бетперде киюге міндетті емеспін.

Мұндай мансапты армандамаймын да. Ешкімге уәде берген жоқпын, ешкімнің алдында қарыздар емеспін. Мен бар болғаны мемлекеті үшін алаңдайтын адаммын. Сол себепті ғана фейсбук желісінде пікірімді бөлісіп отырамын. Менің парақшамдағы әрекет – менің шаруам болып қалсыншы. Біреуге жөн сілтеп, бір нәрсені үйретуге тырыспаған жөн. Желідегі достарымның көбісінің маған түсіністік танытатынына ризамын. Шаңырағымызға бейбітшілік дарысын», – дейді Нұртас Адамбай.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)

Ер адаммен бірге жаттығу жасаған Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

Хиджаб киген Ерке Есмаханға жұрт батасын берді (видео)

Төреғали Төреәлі тыңдармандарын алдап соқты (видео)

Талқылау