Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің түсіріліміне 400 мың доллар жұмсаған

Алматыда қазақстандық кинорежиссер Нұртас Адамбайдың «Тараз» атты криминалдық драмасының жабық көрсетілімі өтті.

tar - Copy 1

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Тараз» фильмі бала кезінен тай-құлындай тебісіп, бірге өскен Асан, Айдар және Сапар есімді достардың өмір жолы туралы баяндайды. Оқиға Қазақстанның ең бір криминалды қалаларының бірі – «Таразда» болған оқиғадан басталады. Адамбай бұрын мұндай туындылар жасаумен айналыспаған. Сол себепті автор фильмді қолға алудың керегі бар ма, жоқ па, деген мәселе төңірегінде көп ойланған.

Режиссер фильмді өзі дайындаған және онда басты рөлдердің бірін ойнайды. Туындыда зорлық-зомбылық әрекеттері өте көп. Сол себепті оның кейбір дубльдерін бірнеше мәрте түсіру қажет болған.

«Түсіру алаңында адамдарды кәдімгідей ұрып-соғып, буындырып жатты. Сол себепті де шығар ол біршама өміршең туынды болыпшықты. Біз түсірілім барысында ең бастысы – сапа деген мәселені назарда ұстадық. Бір төбелестен бірнеше дубль жасау қажет болған кездер де болды. Бірақ, ер азаматтар үшін бұл үлкен кедергі болмауы тиіс»,-деді Адамбай.

Оның сөзінше, фильмнің бюджеті 400 мың долларды құрады. «Сабина келін» фильміне қарағанда бұл жолғы шығын екі есеге көп.

Фильмде басты рөлдерді Нұртас Адамбай, Асан Мәжит, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова, Төлеген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева мен өзгелер ойнайды.

 

Талқылау