Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: соттан басқа ешкім Байзақованың ісіне араласпасын

Продюсер Нұртас Адамбай қамалған Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы продюссер Facebook желісінде жазды.

“Байзақова, әрине, инстаграмында және клубында артық кетті. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз! Оның әрекетінің заңдылығын анықтау үшін заң бар! Ұнамай ма? Мұндайға орын жоқ және біреу-міреудің құқығын бұзады деп есептейсіз бе? Арыз жазыңыз да, сотқа беріңіз! Заң бәрінен үстем болуы тиіс! Айжан 3 күн қамауда отыр, өкінішін де білдірді. Тек белгілі бір адамдардың “клубтың шаңырағын ортаға түсіреміз” деуі заңды ма?”, – деп жазды ол Facebook желісінде.

Сондай-ақ, продюсер елімізде сот, заң және атқару билік тармақтары бар екенін, адамдардың белгілі бір әрекетіне баға беретінін де сот екенін еске салды.

“Басқа ешкім де бұл іспен айналыспауы қажет. Заң сақтаңыздар!”, – деді ол.

Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы Айжан Байзақованың  ұсақ бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды. Ал кейін, Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялап, халықтан кешірім сұраған болатын.

Кейін, бір топ қазақ жігіттері шу шыққан клуб алдына жиналып, кем едегенде 1 ай көлемінде жауып тастауды талап еткен еді.

Тағы оқыңыз:

Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза тапты

«Қазком» банк менеджері клиенттердің ақшасын ұрлап, шетелде оқитын бауырына жіберіп отырған

Астананың үш тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Өрттен беті күйіген бала Казнетті дүр сілкіндірді: адамдар отасына ақша жинауда

Талқылау