Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Нью-Йорк полициясының мәдениеттілігіне қайран қалғанын жеткізді

АҚШ-та жүрген Нұртас Адамбай аталған елдің қонақжайлылығы мен мәдениетіне қайран қалғанын жеткізіп жатыр. Бұл жолы ол өздеріне ерекше сый-құрмет көрсеткен жол полициясы туралы айтып берді. Режиссер аз уақыт ішінде көптеген қазақстандықтарды жолықтырып, олармен тілдесіп үлгерген екен.

21480222_1497269320340687_7876369245133602816_n

Сурет: Нұртас Адамбайдың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Кеше Нью-Йоркте убер шақырдық. Жүргізуші екінші жолақтан бұрылды. Артында полиция көлігі тұрған еді. Олар сыпайы түрде көлігімізді тоқтатты. Кейін жанымызға келді. Жүргізушіден тағы да сыпайы түрде құжаттарын сұрады. “Не үшін тоқтатқанымызды білесіз бе?” деп сұрады. Осылай тоқтатқандары үшін кешірім сұрап, қаншалықты асығып тұрғанымыз туралы білді. Мүмкіндігінше көлікті жылдам жіберетіндерін айтты. Осыдан кейін жүргізушіден көлік жүргізу куәлігі туралы сұрады. Жүргізуші құжаттарында бір ақау бар екенін айтты. Полиция қызметкері құжаттарды тексеруге алып кетті. Бірнеше минуттан кейін қайтып келді. Тоқтатқандары үшін кешірім сұрады. Жүргізушіден бұдан былай жол ережесін бұзбауды өтінді. Шынайылығы үшін алғыс айтты. Шын мәнінде, құжатында анау айтқандай ақау жоқ. Соңында құжаттарды қайтарып, сәт сапар тіледі.

Мен ешнәрсе түсінбедім. “Оңға қарай! (Кейін қаттырақ ашуланып) Оңға қарай деп айттым емес пе?” деген сөздер қайда? Нью-Йорк полицейінің сөзі мен көзінде, ісінде қызметіне деген құрмет көрінді. Негізі бұл жердің полицейлерінен қорықпайсың, керісінше, құрметтейсің. Олардың биліктің адамдары екендері бірден көрініп тұрады. Олардың көліктері, киімдері, мінез-құлықтары… Ал біздікілерге аяушылық танытамын. “Сендерге бірнәрсе керек пе?” деп сұрағың келіп тұрады. Немесе запорождағыларға жолпол ұсынғың келеді. Олардан қашқандар беделі түсіп кетпесін деген ниетпен аяп тоқтай салған шығар бір кездері. Жалпы айтайын дегенім, біз екі түрлі әлемде өмір сүріп отырмыз”, – дейді Нұртас Адамбай.


Жіберіп алмаңыз:

Өмірқұл Айниязов алғаш рет келіншегін көрсетті (видео)

Ақбота Керімбекова: Қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)

Талқылау