Нұртас Адамбай “Халық сүйіктісі – 2015” атанды
Танымал актер, режиссер Нұртас Адамбай “Халық сүйіктісі – 2015” сыйлығын иеленіп, өзіне дауыс бергендерге алғысын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол Ермек Әмірханұлына да жылы лебізі үшін ыстық ықыласын білдірді.
Сондай-ақ, Нұртас отандастарына мынандай алмағайып заманда баяндылық тілегенін жазады.
Әлеуметтік желіде Нұртас Адамбайды Бақыт Сыздықова да құттықтап, оның 9-сыныптан кейін бірінші рет премия алдым деп қалжыңдағанын жазады. Нұртастың табысқа жету жолы КВН-нен бастау алғанын мақтан тұтады.
“Халық сүйіктісі – 2015” премиясы Серік Сәпиев, Гүлшара Әбдіхалықова сынды т.б. танымал тұлғаларға тарту етілді.
Талқылау